06 Қараша, 2013

Бастама

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Назарбаев университетінің қабырғасында алғаш рет қазақтың ұлттық мифологиясын дәріптеуге арналған «Kaz Myth Fest» студенттік фестивалі өтті. Қазақстандық оқу ордасының студенттік клубтары «этно-фэнтэзи» үлгісімен ертегі аңыздардағы кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады.

 

Назарбаев университетінің қабырғасында алғаш рет қазақтың ұлттық мифологиясын дәріптеуге арналған «Kaz Myth Fest» студенттік фестивалі өтті. Қазақстандық оқу ордасының студенттік клубтары «этно-фэнтэзи» үлгісімен ертегі аңыздардағы кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады.

Назарбаев университеті мен «Шабыт» шығармашылық сарайы өнерпаздарының бірлесуімен мәдени шара ұйымдастырылды, музыканттар қазақтың ұлттық музыка аспаптарында ойнады, Университеттің студенттік хоры мен би ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. Жастар ұлттық үлгіде безен­дірілген асқабаққа байқау өткізді, қазақы өрнектерді ою техникасы бойынша шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды, ал Университеттің шетелдік оқытушылары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. «The Birth of Kazakh» («Қазақтың дүниеге келуі») спектаклінің сахналық қойылымы мен қазақтың мифтік кейіпкерлерінің дифилесі іс-шараның ерекше көрінісі болып табылды.

Ойыншылар «Асық-боулинг» және «Мерген аңшы» ұлттық ойындарына қатысып, кештің қызықты өтуіне қомақты үлес қосты. «Шабыт» шығармашылық сарайы студенттерінің сурет көрмесі ерекше әсер қалдырды, ұлттық нақышта орындалған шығармалармен бірге қазақтың миф кейіпкерлерінің суреттері де көрмеде өз орнын тапты.

Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, іс-шара ойдағыдай тиянақталды. «Біз іс-шараны батыс мәдениетінің ықпалы тимеген ұлттық нақышта ұйымдастыруға тырыстық. Егер алдағы уақытта Қазақ­станның басқа да оқу орындарының студенттері бізге қазақ мифологиясын дәріптеуде қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді», деді Назарбаев университеті инженерия мектебінің 1-курс студенті Темірлан Нұрланбаев.

«Егемен-ақпарат».