06 Қараша, 2013

Театрда өткен шеберлік сыныбы

532 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы жылы 80-ші теа­тр маусымын ашып отырған Оңтүстік Қазақстан облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры ұжымының өзін­дік салған сара жолы, мінезі, қол­таңбасы бола тұра, басқа да өнер тарландарымен актерлік шеберлігінен дәріс алып отыруы – театр табалдырығын жаңа ашып отырған жас актерлерге берері мол сабақ болмақ. Осы мақсатпен жақында ғана Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының ха­лық әр­тісі, өнертану ғы­лым­дарының кандидаты Тұң­ғыш­бай Жа­ман­құловтың қа­ты­суымен шеберлік сабағы өткізілді.

– Қайда барсам да төредей болып төрге шығуым – өнер патшалығының арқасында, – деп сөзін бастаған өнер тарланы бүгінгі еліміздегі 54 театрдың ахуалына көз жүгірте отырып, көптеген құнды ақпар­лармен бөлісті.

– Сахнада не көрсетілсе де проблеманы көтеру керек! Бүгінгі театр сахна­ла­рындағы қойылып жатқан спектакльдердің өресі төмен. Қазақ режиссерлерінің шабан­дығы, көп ізденбейтіндігі сияқты көптеген себептер – қазақ театр өнерінің биікке көтерілуіне кертартпа болып отырғаны жасырын емес. Оны мойындауымыз керек. Ол проб­лема М.Әуезов театрында да бар. Дарынды әртістер жоқ емес – бар. Бүгінгі проблеманы өз деңгейінде сахна төрінде көтере білетін режиссер жетіс­пей жатыр, – деп өз ойын ашық айтқан Т.Жаманқұлов әртістің өз ойынына ешқашан тоқмейілсімей, әрқашан өз бойынан бір кемістігін тауып отыруы қажеттігін айтып өтті. Бір ғана қарекеттің күл­лі спектакльді төңкеріп жіберетіндей құдіреті бар екен­дігі жасырын емес. Со­нымен қатар, сахна тілі... Сах­на тілінің сөйлеу шеберлігі төмендеп, әртістің аузынан шыққан сөзі – аузына ыстық картошка салған баланың тіліндей болып өз көрерменіне жетпей жататыны – театр сахнасын жүдетіп тұрған бас­ты мәселелердің бірі, деген өнер тарланы актердің аузынан шыққан әр сөздің ең соңғы қатардағы көрерменге ақсамай жетуі керектігіне ерекше тоқталды.

Сая ҚАСЫМБЕК,

Ж.Шанин атындағы қазақ драма

театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.