14 Сәуір, 2010

СУПЕР МАРАФОНШЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, супермарафоншы Биебай Тілемісов үлкен қашықтықтағы сапарын бастады. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Т.Шарапиев, қала әкімінің орынбасары М.Көлбаев  бастаған көпшілік спорт қайраткерінің сапарына сәттілік тілеп, орталық алаңнан салтанатпен шығарып салды. Супермарафоншы бұл жолғы сапарын 9 мамыр күні Талдықорған қаласындағы орталық алаңға қайтып оралуымен аяқтайды. Бұған дейін ол 1422 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, өңірдегі бірқатар аудандар мен елді мекендерде болады, жастар арасында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен есірткіге қарсы әңгіме жүргізеді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.