Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды. Құжат білім беру қызметін ұсынуды бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар Палатаның алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жобасын қарау ұсынылады. Солардың қатарында мемлекеттік шекара туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.
Бұдан өзге, күн тәртібінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.