Руханият • 25 Қыркүйек, 2020

26 қыркүйек күні Junior Eurovision 2020 ұлттық іріктеуінің финалы өтеді

18 рет көрсетілді

26 қыркүйек күні жыл сайынғы "Junior Eurovision" халықаралық ән байқауы Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде 12 финалист еліміздің танымал композиторларының арнайы жазған авторлық әндерімен өнер көрсетеді.

Трансляцияның басталу уақыты - 18.30. Ұлттық іріктеу жеңімпазы қазылар алқасының бағалау қорытындысы және телекөрермендердің SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады.

Ұлттық іріктеудің финалистері:

1. Сайполда Ислам, 11 жас, Нұр-Сұлтан қ. 2. Бурханова Адия, 12 жас, Алматы қ. 3. Жұмажан Айдана, 14 жас, Алматы қ. 4. Манарбекқызы Ақжібек, 14 жас, Нұр-Сұлтан қ. 5. Маким Жан, 11 жас, Алматы қ. 6. Мукитанова Айым, 13 жас, Көкшетау қ. 7. Ғазизқызы Камила, 13 жас, Нұр-Сұлтан қ. 8. Алтынбекқызы Сания, 13 жас, Семей қ. 9. Тұрсынова Махинур, 14 жас, Алматы қ. 10. Кусанова Нұршат, 10 жас, Атырау қ. 11. Тілеубек Әйкерім, 13 жас, Нур-Султан қ. 12. Башанова Қарақат, 12 жас, Алматы облысы, Талғар, Рысқұлов ауылы. Орындалатын әндерді танымал қазақстандық композиторлар Арман Дүйсенов, Хамит Шанғалиев, Бауыржан Бимахан, Руслан Шернизар, Ербол Нариман, Шырын Базарқұлова, Эдуард Берғалиев және Әли Оқапов шығарды.

Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамын "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсері Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов толықтырды.

Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділ-қазы мүшесі - белгілі композитор, продюсер, "Eurovision Song Contest" ән байқауындағы Әзірбайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты.
министрлігі қолдау білдіруде.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар