14 Сәуір, 2010

КҮРЕЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен бейсенбі күні “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” күрежол құрылысын бақылауға арналған мәжіліс өтті. Мәжілісте партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков партияның бақылау комитеті жанынан автобанның жұмыс барысын бақылайтын сараптамалық топ құрылғанын мәлім етті. Сараптау тобы күрежол құрылысын басты бақылауға алмақ. Оларға сондай-ақ жергілікті тұрғындардың жұмысқа қамтылуын қадағалау міндеті де жүктеліп отыр. Мәжілісте нұротандықтар жол түсетін аумақтарда қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру шараларын қарастыру мәселелерін де талқыға салды. Еркін Әбіл, Қызылорда.