Медицина • 25 Қыркүйек, 2020

Атырауда 2 науқас инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы №2 облыстық инфекциялық аурухананың бөлім меңгерушісі Жантөре Орысбаева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 2 науқас инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

"Пандемия кезінде №2 облыстық инфекциялық ауруханаға коронавирус инфекциясымен түскен науқастардығ 94 проценті сауығып шықты. Ал 3,4 пайызы өлім жағдайымен аяқталды. Қайғылы жағдайдың орын алуы, біріншіден, науқастардың дәрігерге кешігіп хабарласуынан болып отыр. Екіншіден, науқастарда бұрынғы созылмалы ауруы асқынған. Ауруханадан короновирус инфекциясымен 30 бала, 134 жүкті әйел емделіп шықты. Төрт әйелге шұғыл ота жасалды. Жүкті әйелдерді қосымша ауруларына байланысты эндокринолог, гематолог, кардиолог секілді арнайы дәрігерлерден онлайн кеңес алу арқылы емдедік", деді Жантөре Орысбаева.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазір аталаған ауруханада 28 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 науқасқа короновирусты пневмонияның анықталған түрі, қалған емделушіге короновирус типті пневмония диагнозы қойылып отыр. Ал жансақтау бөлімінде екі науқас бар.