Сонымен қатар құжатта егу мерзімдері мен оның кімдерге жасалатыны көрсетілді.
Қаулыға сәйкес, келесі инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
"В" вирусты гепатиті;
b типті гемофильдік инфекция;
дифтерия;
көкжөтел;
қызылша;
қызамық;
пневмококк инфекциясы;
полиомиелит;
сіреспе;
туберкулез;
эпидемиялық паротит;
2) эпидемиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
құтырма;
іш сүзегі;
көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
оба.
Ал келесі инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі:
"А" вирусты гепатиті;
тұмау;
күйдіргі;
туляремия.
Профилактикалық екпелер тегін жасалатын халық санаты:
1)міндетті профилактикалық екпелер жүргізу белгіленген мерзімдерге сәйкес жасы бойынша адамдар;
2) инфекциялық аурулардың (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар;
3) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер топтарына жататын адамдар:
медицина қызметкерлері ("В" вирусты гепатиті, тұмау);
кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);
4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
қан құйылған адамдар ("В" вирусты гепатиті);
медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті (тұмау);
6) кез келген жануар тістеген, сілекейін жаққан адамдар (құтырма);
7) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар (сіреспе);
8) вакциналау эпидемиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілетін инфекциялық сырқаттану деңгейі жоғары өңірлерде тұратын адамдар ("А" вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит).
Профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдерін мына сілтемеден көруге болады.