Президент • 26 Қыркүйек, 2020

Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

32 рет көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмыстарына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы ғылым еліміздің экономикасына қызмет етуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар

«Барыс» тағы жеңілді

Хоккей • Бүгін, 08:29

Кукушкин – келесі кезеңде

Теннис • Бүгін, 08:16

Бизнестің сәтті бастауы

Бизнес • Бүгін, 08:09

Асыл ағаны ардақтайық

Руханият • Бүгін, 07:49

Ақжайықтың Абайы

Руханият • Бүгін, 07:40

Карантин талабы күшейе ме?

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?

Технология • Бүгін, 07:32

Әлемді ойын арқылы басқару

Қоғам • Бүгін, 07:29

Аргентинаның алтын баласы

Спорт • Бүгін, 07:15

Коронавирусты таратпаудың қамы

Аймақтар • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар