Саясат • 26 Қыркүйек, 2020

"ҚР – Еуропалық Одақ" Ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысы өтті

29 рет көрсетілді

"Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" Ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұханның және Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша директоры Люк Девиннің төрағалығымен бейнеконференция режимінде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысы өтті.

Қазақстандық делегация құрамына Сауда және интеграция, Энергетика, Индустрия және инновациялық даму, Ұлттық экономика министрліктерін қоса алғанда, ҚР тоғыз мемлекеттік органының өкілдері кірді.

Келіссөздердің басты тақырыптары 2020 жылғы 1 наурызда күшіне енген Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімі (КӘЫК) шеңберінде Қазақстан мен Еуропалық Одаққа мүше елдер арасындағы саяси диалогты, көпжақты сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды нығайту мәселелері болды.

Бейне конференция барысында ҚР мен ЕО арасындағы сауда, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және адам құқықтары саласындағы диалогтық платформалар желісі бойынша бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша нақты пікір алмасылды, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынастарын жолға қою және ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды.

Тараптар «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» кездесулері шеңберінде өңіраралық ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберінде жаңа өңірлік жобаларды әзірлеу және іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан – ЕО және Орталық Азия – ЕО желісі бойынша алдағы кездесулер шеңберінде қаралған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар

«Барыс» тағы жеңілді

Хоккей • Бүгін, 08:29

Кукушкин – келесі кезеңде

Теннис • Бүгін, 08:16

Бизнестің сәтті бастауы

Бизнес • Бүгін, 08:09

Асыл ағаны ардақтайық

Руханият • Бүгін, 07:49

Ақжайықтың Абайы

Руханият • Бүгін, 07:40

Карантин талабы күшейе ме?

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?

Технология • Бүгін, 07:32

Әлемді ойын арқылы басқару

Қоғам • Бүгін, 07:29

Аргентинаның алтын баласы

Спорт • Бүгін, 07:15

Коронавирусты таратпаудың қамы

Аймақтар • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар