Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2020

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

"УАЗ-3962 көлігінің 54 жастағы жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып рөлге ие бола алмай қалған. Жедел жәрдем қоршауды соғып, медицина орталығының дәл алдына барып аударылған. Сараптама қорытындысына сенсек, жүргізуші алкоголь ішімдік ішпеген. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", деп жазылған хабарламада.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол үйіне жіберілді.