Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2020

Бүгін – Еңбек күні

1666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – 27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні тойланады. Осыдан 7 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қыркүйектің соңғы жексенбісін "Еңбек күн" деп бекіткені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Еңбек күні

Еңбек күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде белгіленді.

Сонымен қатар, "Еңбек ардагері" медалі бекітілді. Марапат еңбек қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс озаттарына, еңбек өтілі 40 жылдан асқан, бір салаға кемінде 10 жыл еңбек сіңірген жұмысшыларға беріледі.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек күнімен қазақстандықтарды құттықтады.