Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2020

Қазақстандағы қос Ақтаудың басшылары кездесті

329 рет көрсетілді

Елімізде аттас екі Ақтау бар. Бірі - еліміздің оңтүстік батысында Каспий жағалауында орналасса, екіншісі - Сарыарқаның төсінде жайғасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыстағы Ақтау - Маңғыстау облысының орталығы, екінші Ақтау - Қарағанды облысындағы шағын кент. Шағын кенттің басшысы бастаған қонақтар облыс орталығы – Ақтау қаласына келді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Қала қонақтары Маңғыстаудың кереметтерін тамашалап, абыз жазушы Ә.Кекілбаев музейіне барды және Сарыарқа кітапханасының жинағы«Сарыарқа ақындарының өлеңдері» атты 100 томдық пен «Елбасына тұғыр болған Сарыарқа» кітабын сыйға тартты.

-Бүгін ерекше күн. Қала әкімі Нұрдәулет Игілікұлының шақыртуымен Маңғыстаудың орталығына келдік. Делегация құрамында металлург, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқып, Теміртаудағы комбинатта жұмыс істеген замандастары Куаныш Омашев пен Тоқтархан Исқақов бар. Бұл игі бастама көпшілікке үлгі болады деген сенімдемін. Өйткені, елімізде қалалар байланысының дамуы бірнеше саланың тамырына қан жүгіртеді. Бір жағынан жастарға үлгі болады деген сенімдемін. Қарағанды облысындағы Ақтау кентінде кезінде 40 мыңға жуық халық тұрды. Қазір тұрғындар саны 7 мыңға жуықтайды, - Ақтау кентінің әкімі Алтынбек Есмұрзаев.

Шара аясында қос Ақтаудың әкімдері өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.

-Бүгін екі өңірдің арасында сауда және экономикалық қатынастарды орнату мақсатында білім, мәдениет, денсаулық саласында ортақ жобаларды іске асыру мақсатында меморандумға қол қойдық. Алдағы уақытта тығыз әріптестік қарым-қатынаста боламыз деген үміттемін, деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

 


Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

«Барыс» тағы жеңілді

Хоккей • Бүгін, 08:29

Кукушкин – келесі кезеңде

Теннис • Бүгін, 08:16

Бизнестің сәтті бастауы

Бизнес • Бүгін, 08:09

Асыл ағаны ардақтайық

Руханият • Бүгін, 07:49

Ақжайықтың Абайы

Руханият • Бүгін, 07:40

Карантин талабы күшейе ме?

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?

Технология • Бүгін, 07:32

Әлемді ойын арқылы басқару

Қоғам • Бүгін, 07:29

Аргентинаның алтын баласы

Спорт • Бүгін, 07:15

Коронавирусты таратпаудың қамы

Аймақтар • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар