Елорда • 27 Қыркүйек, 2020

Елордада автобус жолақысын SMS арқылы төлеу уақытша тоқтатылды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда автобустарында SMS арқылы жолақы төлеу қызметі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада автобус жолақысын SMS арқылы төлеу уақытша тоқтатылды

Бұл жөнінде қалалық City Transportation Systems компаниясы Instagram парақшасында хабарлады.

"Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары! Tele2 және Altel ұялы байланыс операторлары тарапынан техникалық ақауларға байланысты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу 28 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Жүйе қалпына келген жағдайда қосымша хабарлаймыз", деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.


Айта кетейік, жол ақысын көлік картасымен және QR-код арқылы төлеуге болады. Ол үшін мынадай мобильді қосымшалар бар: Kaspi.kz, Homebank, Senim, Рахмет, My Beeline, my Activ, OYBY, Plus24, SMSBUS және Astra Bus.