Парламент • 27 Қыркүйек, 2020

Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

308 рет көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің сенаторлар тобы Шығыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар Семейдегі жүздесулерде дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін талқылады. Сенаторлар аймақтағы бірқатар маңызды мәселелерді мектептердегі қашықтықтан білім беру форматының тиімділігі, медициналық кадрларды даярлау және биліктің коронавирустың екінші толқынына дайындығы туралы зерделеуді жоспарлаған болатын.

Медицина университетінің басшылығы депутаттарға өткен оқу жылының қорытындысы бойынша түлектердің 90%-ы денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасқанын хабарлады. Алайда, бұл жеткіліксіз, деп есептейді сенаторлар. Елде дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады, әсіресе қазір пандемияның екінші толқыны күтіліп отырған кезеңде инфекционист дәрігерлер мен вирусологтарды даярлау қажет. Бұл туралы депутат Мұрат Бақтиярұлы Семей қаласының медициналық жоғары оқу орындары оқытушыларымен кездесуібарысында айтты.

Д

«Дәрігерлердің даярлау ісі де жаңа форматқа көшкенін көріп отырмыз. Семей мемлекеттік медицина университетінің базасымен танысқан кезде онда білікті дәрігерлердің, оқытушы-профессорлық құрамның бар екенін көрдік. Бірақ ескере кететін бір мәселе бар. Жалпы мамандыққа байланысты Денсаулық сақтау министрлігі бір бетбұрыс жасауы керек. Мысалы, біздің елімізде 4000 жуық дәрігер жетіспейді, әсіресе инфекционистер, вирусологтар жетіспейді. Осыған байланысты тиісті мамандықтар мен кафедраларды ашу қажеттілігі туындап отыр», - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Сенат депутаттарын білім беру гранттарын жасақтау және іске жарату, жас мамандарды жұмыспен қамту және «Дипломмен ауылға»мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері қызықтырады. Сонымен қатар, Сенат депутаттары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын тексеріп, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналып салынып жатқан үйлерді жәнемәдени-спорт кешенін аралап көрді. Сонымен қатар, депутаттар көп балалы отбасыларға арналған үйлер, жаңа мектеп салу процесімен, пандемия кезіндегі ауылдық елді мекендердің жай-күйімен және проблемаларымен танысты.

Депутаттар жедел медициналық жәрдем ауруханасында болып, гибридті операция бөлімінің жұмысымен танысып, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін талқылады. Сондай-ақ, сенаторлар педагогикалық колледжге барды. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге «Ұлттық педагогикалық колледж» мәртебесін беру мәселесін көтерді.

Абайдың туған жерінде сапар аясында сенаторлар Ақшоқы, Қарауыл, Қасқабұлақ ауылдары мен Жидебайда болып, Құнанбай Өскенбайұлы музейімен, «Абай-Шәкәрім»мемориалдық кешенімен танысты. Депутаттар ауылдың әлеуметтік нысандарын аралады, жаңа мектеп пен көп балалы отбасыларға арналған салынып жатқан үйлерді, мектеп-интернат пен амбулаторияны көрді. Сапар қорытындысы бойынша депутаттар өңірдің оң дамуын атап өтті.

«Жұмыс сапары аясында біз Семейде және Абайдың отаны Жидебайда болдық. Ұлы Абайдың175 жылдығы атап өтетін жылы біздің сапарымыздың мақсаты ел Президенті Жолдауының орындалуын бақылау болды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясындағы барлық жобалар жақсы орындалуда, өңір дамып келеді. Семейде Қарағайлы жаңа шағын ауданы салынып, даму қарқынды жүріп жатыр», - деді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Сенаторлар Қарауылдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Соңғы жаңалықтар

«Барыс» тағы жеңілді

Хоккей • Бүгін, 08:29

Кукушкин – келесі кезеңде

Теннис • Бүгін, 08:16

Бизнестің сәтті бастауы

Бизнес • Бүгін, 08:09

Асыл ағаны ардақтайық

Руханият • Бүгін, 07:49

Ақжайықтың Абайы

Руханият • Бүгін, 07:40

Карантин талабы күшейе ме?

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?

Технология • Бүгін, 07:32

Әлемді ойын арқылы басқару

Қоғам • Бүгін, 07:29

Аргентинаның алтын баласы

Спорт • Бүгін, 07:15

Коронавирусты таратпаудың қамы

Аймақтар • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар