Елорда • 27 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда түнгі клубта көңіл көтергендер ұсталды

17 рет көрсетілді

Ойын-сауық мекемесінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары «Аура» түнгі клубынан түнде тыныштықты бұзып, кальян тұтынған 65 адамды полицияға жеткізді. Карантинді бұзғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелері айыппұл төлейді.

«26 қыркүйек күні сағат 01: 33-те «102» пультіне белгісіз адамдардан бірнеше рет телефон хабарламалары келіп түсті. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі, 2 т.ж., «Аура» түнгі клубында жастар шу шығарып, тыныштықты бұзғанына шағымданды. Бұл фактіні тексеруге 10 учаскелік полиция инспекторы, 25 жедел әрекет ету жасағы, 8 «Ұшқын» экипажы - 16 инспектор, Есіл ауданының полиция басқармасының жедел тергеу тобы қатысты. Тексеру кезінде жедел тергеу тобы бұл бұзушылықты фото және видео жазба арқылы тіркеді. Түнде тыныштықты, сондай-ақ карантин режимін бұзғаны үшін 65 азамат полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Есіл аудандық полиция басқармасы.

Тәртіп бұзушыларға қатысты 65 әкімшілік хаттама жасалды, оның 63-і түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны, екеуі кальян шеккені үшін. Сондай-ақ «Ұшқын» экипаждары мас күйінде көлік жүргізудің төрт фактісін және автокөлікті құжатсыз жүргізудің бір фактісін анықтады.

«Аура» түнгі клубының әкімшілігіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айып тағылды.

«Аура» түнгі клубына, ЖК «Алания» директоры Усманова Динара Ерболатқызына қатысты жиналған материалды заңды процедуралық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін түнгі клубтың иесіне карантин режимін бұзғаны үшін алты рет айыппұл салынған болатын.

Соңғы жаңалықтар

«Барыс» тағы жеңілді

Хоккей • Бүгін, 08:29

Кукушкин – келесі кезеңде

Теннис • Бүгін, 08:16

Бизнестің сәтті бастауы

Бизнес • Бүгін, 08:09

Асыл ағаны ардақтайық

Руханият • Бүгін, 07:49

Ақжайықтың Абайы

Руханият • Бүгін, 07:40

Карантин талабы күшейе ме?

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?

Технология • Бүгін, 07:32

Әлемді ойын арқылы басқару

Қоғам • Бүгін, 07:29

Аргентинаның алтын баласы

Спорт • Бүгін, 07:15

Коронавирусты таратпаудың қамы

Аймақтар • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар