Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында 18 ауыл карантинге жабылды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 18 ауыл карантинге жабылды

Құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді.

"Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Құстардың қырылу фактісі 40 елдімекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр", делінген ақпаратта.