Елорда • 27 Қыркүйек, 2020

Биылғы жылыту маусымында бірқатар жылу қазандықтары газбен істейді - Алтай Көлгінов

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаладағы жылу қазандықтары қашан газға көшірілетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жылыту маусымында бірқатар жылу қазандықтары газбен істейді - Алтай Көлгінов

"Жылу қазандықтарын газға көшіру - күрделі, бірақ қажет жұмыс. Қазандықтар бүкіл қаланы жылытатын болғандықтан, оларды біртіндеп газға көшіру экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады. Бүгін ЖЭО-2 қазандығын газға көшіру жұмыстарының барысымен таныстым. Газ жеткізу құбырын тарту, газ қорғаныс жүйесінің, қазандықтарға оттықтарды бекіту жұмыстары аяқталыпты. Осы жылу маусымында ЖЭО-1, ЖЭО-2 орталықтарының кейбір қазандықтары газбен жұмыс істейді. Олардың артықшылығы - газбен де, мазутпен де, көмірмен де жұмыс істей береді", деп жазды ол.
Ж

Бұдан басқа, тұрғын үй алаптарындағы ішкі газ желілерін жүргізу жұмыстары жалғасуда.

"Елорданы газдандыру — Елбасымыздың тарихи жобасы. Мемлекет басшысы да газ жүргізу мәселесін жіті қадағалап отыр", деп жазды қала әкімі.