Әлем • 27 Қыркүйек, 2020

Қытайда шахтада жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында шахтада метанның жоғары концентрациясының әсерінен жарылыс болып, 16 адам қаза тапты. Тірі қалған бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда шахтада жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
 

"Шахта жергілікті энергетикалық компанияға тиесілі. Төтенше жағдай салдарынан үйінді астында 17 адам қалып, 16-сы қаза тапты. Біреуі ауруханаға жеткізілді", деп жазылған ақпаратта.

Қала билігі жұмыс тобын құрып, апат себебін анықтау жұмыстарын бастап кетті.