Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2020

Павлодарлық студент Австрияға жолдама алды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарлық студент Австрияға жолдама алды

"Жарысқа 2800-ден астам адам қатысты. Аталмыш чемпионаттың жыл өткен сайын маңызы күшейіп, қатысушылардың саны артуда. Қазақстан атынан "Веб-дизайн және өңдеу" құзыреттілігі бойынша Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің түлегі, ал қазір "Торайғыров университеті" АҚ студенті Дина Афанасьева бақ сынады. Жас кәсіпқой Еуразиялық чемпионатта бірінші орын алып, 2021 жылдың көктемінде өтетін Еуропалық WorldSkills-ке қатысу үшін Австрияға жолдама алды", деп жазды Дінислам Болатханұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, Қазақстан өкілдерінің Еуразиялық чемпионатқа қатысуы - елдегі қозғалысты одан әрі дамыту және ТжКБ жүйесіне озық практикалар мен WorldSkills құралдарын енгізу үшін WorldSkills Russia-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жалғасы.

Қазақстан құрамасы 2017 жылдан бастап жыл сайын WorldSkills Russia Ұлттық чемпионатының финалына қатысады. Қазақстанның жас кәсіпқойлары чемпионатта тоғыз құзыреттілік бойынша сынға түсіп жүр.

Дина Афанасьева атап өткендей, халықаралық чемпионатқа қатысу өзінің практикалық дағдыларын дамытуға және теориялық білімдерін нығайтуға ғана емес, сонымен қатар басқа елдердің қатысушыларымен және сарапшыларымен үздік тәжірибелер және құралдармен алмасып, халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.