Экономика • 28 Қыркүйек, 2020

«QazTrade Accelerator»: Экспорттың жаңа мүмкіндіктері

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы шикізаттық емес экспорттың дамуын қолдау мәселесіне ерекше назар аударады. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында идеядан нәтижеге дейін мақсатты қолдау көрсету үшін өндіруші кәсіпорындарға арналған Экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыруға тапсырма берді.

«QazTrade Accelerator»: Экспорттың жаңа мүмкіндіктері

 

Өткен аптада Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade Accelerator» Экс­порт­тық акселерация бағдар­ламасы аясында «Қытайдағы негізгі сату арналары» атты екінші оқыту вебинары өт­ті. Вебинарға қытайлық серік­тес­термен жұмыс істеу тәжіри­бесі бар халықаралық сарапшы­лар қатысты.

«Шілде айының соңынан бастап біз Акселерация бағ­дар­ламасымен белсенді жұ­мыс істей бастадық. Екі апта­лық жеке кездесулер аясын­­­да Қытай нарығына экс­порт­тау­­шылардың проблема­­ла­ры, қатысушылардың әр­қай­­сы­сының бәсекелік ар­тық­­­шы­лықтары анық­­тал­­ды. Экс­порт­ты жедел­де­ту­­дің екінші кезеңі басталды, бұл кәсіпорындар­ды Қытай­лық серіктестермен келісім­шарт­тарға қол қоюға дайындау­ды көздейді», деді «QazTrade» «Сауда саясатын дамыту орта­­лығының» бас директоры Арман Әбенов.

Екінші оқыту вебинарында бағдарлама қатысушылары Қытайдағы негізгі сату арналары бойынша практикалық ұсыныстар алды. Сондай-ақ осы арналарға кіру туралы келіссөздер жүргізудің қыр-сырын білді. Сонымен қатар экспорттаушылар жүгіне алатын қаржылық мемлекеттік қолдау шараларының жиын­тығымен танысты.

PwC China аға менеджері Ченни Фенг Қытай нарығын­да тауарларды ілгерілетудің  негізгі жолдары туралы әң­гімеледі. Атап айтқанда, ол  электрондық коммерция нарығына өз бетімен шығу туралы шолу жасап, іскерлік се­ріктес немесе дистрибьютор­лар мен ірі көрмелерде серік­тестер табу бойынша тәжі­рибелік ұсыныстармен бөліс­ті. Сонымен қатар спикер қы­тай­лық серіктестердің негіз­гі мәселелеріне – өнімнің құны мен үлгілерді алу мүм­кіндігіне назар аударды.

Eurasia Development Ltd. компаниясының бас директоры Андрей Прохорович Қытай нарығына шығу туралы ұсыныстар беріп, сату арналарын таңдаудағы негізгі қателіктерге тоқталды. Спикер Қытайдың біртұтас нарық емес екендігіне назар аударды және қатысушыларға Қытайдың әр аймағын өзіндік ерекшелік­тері бар бөлек нарық ретінде қарас­тыруға кеңес берді.

Чэнни Фенг пен Андрей Прохорович атап өткен­дей, бүгінде Қытай әлемдегі электрондық сауда алаң­дары­­­ның саны бойынша көш­­­басшы болып саналады. Интернет-сатылым Қытай­дағы тұтыну тауарларының бөл­шек са­тылымының жалпы кө­ле­мінің шамамен 30%-ын құрайды. Осыған бай­ланысты сарапшылар экс­порт­таушыларға Қытай нарығында онлайн сату құрал­дарын зерттеуге ерекше назар аударуды ұсынды.

KazakhExport Экспорт­тық сақтандыру компаниясы Сақтандыру департаменті­нің директоры Қуаныш Мұқа­жанов өз презентациясында шикізаттық емес тауарларды өндірушілерді және экспорттық циклдің барлық кезеңінде сыртқы нарықта қызмет көрсетушілерді қол­даудың қаржылық құрал­­дары туралы айтты. KazakhExport Қытайдағы серік­тестер­­мен жұмыс істеу үшін әртүр­лі құ­рал­дарды пай­да­лана­ды (аванстық төлем­дер, келі­сім­шарт бойынша төлем­дер, экс­портқа дейінгі қар­жы­­­­лан­­­дыру, экспорттау­шы­лар­­­дың несиелерін сақтан­дыру). Бұл құралдар сыртқы на­­­рыққа шығу кезінде қазақ­стан­­дық экспорттаушы­лар­ды же­ңіл­детілген қаржы­лан­дыруға көмектеседі.

Биыл күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты Қазақ­станның халықара­лық көр­мелерге қатыспай, онлайн фор­матқа көшуіне тура келді. Қазақстанның Сауда және ин­теграция министрлігі Шан­хайдағы (5-10 қараша) ІІІ Им­порттық тауарлар мен қыз­мет­тердің қытайлық халық­аралық көрмесіне онлайн фор­матта қатысуға шешім қабыл­дады. Виртуалды көрме аясында қазақстандық азық-түлік өн­дірушілерінің өнімдері Шан­хайға Қазақстанның Сырт­қы сауда палатасының қол­дауы­мен жіберіледі. Қаты­су­шы ком­паниялардың өкілдері өз­дерінің экспонаттарын онлайн форматта таныстырады.