Спорт • 28 Қыркүйек, 2020

Жеңісін Үшкемпіровке арнады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Ресейде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде жарыс қожайынымен бақ сынап, алғаш­қы раундта айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жеңісін Үшкемпіровке арнады

Мәскеу төрінде ұйымдастырылған айқаста жерлесіміз әу баста ресейлік Олег Коси­новпен (7-5) кім мықтыны анықтау керек болатын. Алайда жарысқа бір күн қалғанда Хамитовтың қарсыласы өзгеріп, Косиновтың орнына тағы бір ресейлік спортшы Ахмад-Хан Боков шығатыны белгілі болды. 74 кило салмақ дәрежесінде өткен бәсекеде «Найман» лақап атымен танылған отандасымыз Боковты бірінші раундтың орта тұсында қылқындыру әдісі­мен жеңіп кетті.

Жекпе-жектен кейін сөз алған Ха­ми­тов бұл жеңісін жуырда ғана өмірден өткен, жекелей спортта қазақтан шық­қан алғаш­қы Олимпиада чемпионы Жақ­­сылық Үшкемпіровке арнайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 2016 жыл­дан кейін аралас жекпе-жек спортында бірінші рет жеңіс тойын тойлады. Бұл уақыт аралығында үш айқас өткізген ол үшеуінде де қарсыласына жол берген еді.