Хоккей • 28 Қыркүйек, 2020

Төрт матчтың уақыты ауыстырылды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (КХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» хок­кейшілерінен коронавирус індеті табылып, екі аптаға карантинге жа­был­ғаны белгілі.

Төрт матчтың уақыты ауыстырылды

ҚХЛ басшылығы дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, «Барыстың» алты ойынын белгісіз мерзімге ауыстырған-ды. Елорда командасының баспасөз қызметі бүгінде алты матчтың төртеуінің уақыты белгілі болғанын хабарлады.

Атап айтар болсақ, сырт айдында өтетін «Сочиге» қарсы кездесу 28 қазанға, «Кун­луньмен» болатын ойын 19 желтоқсанға және «Металлургке» қарсы матч 2021 жылдың 3 ақпанына жоспарланған. Ал 3 қарашада «Барыс» елордада Риганың «Динамосын» қабылдайды.