Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2020

Президенттік кадр резервінің жеңімпазы "Адалдық сағатын" өткізді

23 рет көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы "Адалдық сағатын" өткізді. Бұл "Адалдық сағаты" қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі.Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.

Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder).Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды. Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, "Парасат деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы", деді.

Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек.Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Бейне-дәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді. Бәрімізге белгілі, "Адалдық сағаты" акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

 

Соңғы жаңалықтар

Поэманы суретпен бейнеледі

Аймақтар • Бүгін, 13:35

Еуропадағы антирекордтар

Әлем • Бүгін, 11:54

Өртте өлген мал саны нақтыланды

Аймақтар • Бүгін, 11:40

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 11:12

Бір саты төмен сырғыдық

Спорт • Бүгін, 08:02

«Шахтёр» жігіттері жарады

Футбол • Бүгін, 08:00

Солердің сенімді жеңісі

Спорт • Бүгін, 07:58

«Мың күбі» мүсіні

Руханият • Бүгін, 07:56

Жер ырыздығы жерде қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Экономиканы өзгертетін бес бағыт

Экономика • Бүгін, 07:43

Жетімін жылатпаған ел едік...

Руханият • Бүгін, 07:37

Ақжайықта жол азабы азаяды

Қоғам • Бүгін, 07:34

Ұқсас жаңалықтар