Тағайындау • 28 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Бақыт Амангелдіқызы Есімова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бақыт Есімова 1984 жылдың 29-қаңтарында Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Майқайың ауылында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті мен Калифорния университетін (АҚШ) тәмамдаған.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.

Облыс әкімінің жаңа орынбасары ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, оқу және тәрбие мекемелеріне  білім беру қызметін ұсыну, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты мәселелерін қадағалайтын болады.   

Әкімнің бұрынғы орынбасары Марат Жүндібаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысты.

 

Қостанай облысы