07 Қараша, 2013

Дәстүрге адалдық жалғасады

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Астанаға келген Атырау облысының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Астанаға келген Атырау облысының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуде ұзақ жылдар мұнай­лы өлкенің экономикасын дамыту мен халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға аянбай атсалысып, ауыл шаруашылығы, ден­саулық сақтау, заң, білім беру, теміржол салаларында, сондай-ақ бұрын әр кезеңде басшылық лауа­зымдарда қызмет атқарған еңбек арда­герлері бүгінгі еліміз қол жет­кізіп отырған жетістіктерге ри­зашылығын білдіріп, ел да­муындағы Елбасының жетекші рөлін ерекше атап өтті.

Сенат Төрағасының орынбасары кездесуде «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда Парламентте ат­қарылып жатқан жұмыстар ту­ралы жан-жақты әңгімеледі. Сон­дай-ақ, басқосуда әлеуметтік-эко­­номикалық жаңғырту және ин­дустриялық-инновациялық да­му бағдарламасын заңнамалық тұр­ғыда қамтамасыз етудегі депутаттық корпустың қызметі туралы айтылды.

Сонымен бірге, А.Бейсенбаев кездесуге келген ардагерлер арасындағы 94 жастағы соғыс ардагеріне ұзақ ғұмыр тіледі және «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету – біздің еліміздегі қастерлі дәстүрлердің бірі. Осы Жеңіске жеткізген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шексіз алғыс айтамыз. Біздің ардагерлердің жанқиярлық ерлігі мен еңбегінің арқасында бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет тарапынан ардагерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалып келеді. Бұл маңызды іс бұдан былай да жалғаса беретін болады», деді.

Соңғы жаңалықтар