Әлем • 28 Қыркүйек, 2020

"Лисео" театры көрермендерге есігін қайта ашты

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барселонадағы әлемге танымал "Лисео" театры көрермендерге есігін қайта ашты, деп хабарайды Egemen.kz

"Лисео" театры көрермендерге есігін қайта ашты

"Лисео" театрында барлық санитарлық шаралар жіті қадағаланған. Театрда медициналық бетперде тағып жүру міндетті. Адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір-бірінен алшақ отырады.

Алғашқы кешті канадалық опера әншісі Сондра Радановски мен поляк теноры Петр Бечала ашты.

Айта кетейік, "Лисео" театры маусым айында да концерт берген. Бірақ ол кезде залдағы орындарға құмырадағы гүлдер қойылып, ал қойылымды адамдар онлайн көрген.