Экономика • 28 Қыркүйек, 2020

Рубль бағамы құлдырады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар күрт қымбаттап, рубльдің сауда-саттықтағы бағамы төмендеп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Рубль бағамы құлдырады

Мәскеу уақытымен сағат 10:23-те американдық валюта бағамы 72 тиынға, 78,93 рубльге дейін өсті. Сарапшылардың айтуынша,  Ресей валютасына мұнай нарығындағы жағдай да әсер етіп отыр.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері барреліне 42 доллардан төмен, ал WTI-дегі қараша фьючерстері 0,77 пайызға, 40 доллардан төмен болды.