Ірі жобалардың қатарына ауадағы азот диоксиді мен формальдегид мөлшерін азайту үшін қаладағы барлық ауа ластаушы кәсіпорындардың шаң тұтқыш орнатуы, лас суларды қайта өңдеу арқылы техникалық су ретінде қайта пайдалану, қаладағы кәріз желілерін жаңарту, бұрынғы «Алға» химия зауытындағы «тарихи» қалдықтар мен Ақтөбе темір қорытпа зауыты аумағында жатқан хром қалдықтарын көму, барлық қоқыс полигондарының жан-жағы мен барша елді мекендер төңірегін көгалдандыру қамтылды. Экологиялық картаға енгізілген іс-шаралар қатарында Ақтөбе қаласындағы кәріз желілерін толық жарақтандыру жобасы да кезек күттірмейтін мәселенің бірі.
Облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұлдың хабарлауынша, Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигоны мен ескірген кәріз тазарту қондырғысынан шығатын ауадағы жағымсыз иіске байланысты тұрғындардан 29 шағым келіп түскен. Сондай-ақ департамент жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзған ірі және орта, шағын кәсіпкерлік нысандарына 67 рет айыппұл салған.
Ақтөбе облысы