07 Қараша, 2013

Қомақты қаржы

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

02-Хоккейный модуль для Егемен-1Соңғы төрт жылда Қазақмыс компаниясы Шығыс Қазақстан облысындағы ірі спорт нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 1,65 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлді

 

Соңғы төрт жылда Қазақмыс компаниясы Шығыс Қазақстан облысындағы ірі спорт нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 1,65 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлді

02-Хоккейный модуль для Егемен-1

Айталық, 2012 жылы компания тарапынан Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайының (Бокс және күрес сарайы) құрылысына 366 млн. теңге бөлінді. Ғимараттың жалпы аумағы 5700 шаршы метрді құрайды. Мұнда кө­рер­мендер үшін орындар, бір­неше жаттығу залы және киіну жайлары, төрешілер мен жаттық­­тырушыларға да бөлмелер қарас­­­тырылған. Сонымен қатар, меди­циналық пункт, баспасөз мәс­­­­лихаттары мен брифингтер өткі­зетін зал жұмыс істейді. Жек­пе-жек сарайының құрылысы 2012 жылдың қыркүйек айында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Жақын уақытта Өскемен қала­сында спорттағы дарынды балаларға арналған 200 орын­дық мектеп-интернаты бой көте­реді. Құрылыс жұмыстарына ба­ғытталған 300 млн. теңге көле­мін­дегі қаражатты Қазақмыс тобы бірлесіп қаржыландыру негі­зін­де бөлді. Қазақмыс компания­сы бөлген жалпы сомасы 500 млн. теңгеден астам қаражаттың арқасында облыс орталығында екі хоккей модулі жұмыс істеп тұр. 2010 жылы компания жұмсаған 600 млн. теңгеге «Восток» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Оны жүзеге асыру аясында мінберлерге гидрооқшалау жасалды, инженерлік жүйелер, оңтүстік, шығыс және солтүстік мінберлердің еден жабыны ауыс­тырылды. Сондай-ақ, стадион­ның ғимараты FIFA талаптарына сай жаңғыртылды. Батыс мінбер­лердің үстіне шатыр орнатылып, стадионның 8500 орындығы толықтай пластик орындықтарға ауыстырылды. «Восток» стадионы 1963 жылы салынған, сыйым­дылығы 8 500 орын.

Аталған қаражат 2010-2013 жылдар аралығында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Шығыс Қазақстан облысы басшылығының арасындағы жасалған меморандумдар және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі кешенді жоспарлар аясында бөлінген. Жомарттық жоралғысын жасаған кәсіпорын бұдан былай да ізгілікті ісін жалғастыра бермек.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар