Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Көлік полициясымен күш біріктірді

93 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Волонтер жылында» еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Көліктегі полиция депар­таменті «Менеджмент және бизнес» колледжі волонтерлерінің қатысуымен «Патруль-ерікті» бірлескен іс-шарасын өткізді. Көлік полицейлері волонтерлермен бірлесе отырып «Нұр-Сұлтан-1» темір жол вокзалында және жолаушылар пойыздарында 500 бетперде таратты.

Көлік полициясымен күш біріктірді

«Іс-шара #Birgemiz акциясын қолдау мақсатында жүргізіліп отыр. Волон­тер­лер коронавирус инфек­циясының қаупі мен саламатты өмір салтын насихат­тау үшін жолаушылар по­йыз­дары мен темір жол вок­залдарына келушілерге мас­ка таратып, сондай-ақ карантинге байланысты ен­гізілген шектеулерге тү­сін­дірме жұ­мыстарын жүр­гізді. Олар бетпердені тек үй-жайларда ғана емес кө­шеде де міндетті түрде тағу­дың маңыздылығы туралы айтты», деді департамент бастығының орынбасары Абзал Жұматаев.

Бүгінде күні еліміздің барлық өңірінде карантиндік іс-шаралар енгізілгені бел­гілі. Сон­дықтан адамдар көп жиналатын әуе және темір жол объектілерінде де сани­­тарлық-гигиеналық талаптарды сақтау өте маңыз­ды.

Абзал Жұматаевтың айтуынша, көлік полицейлері өздерінің негізгі міндеттеріне қоса азаматтардың денсау­лығына қамқорлық көрсетуді де мақсат тұтады. Оған осы өткізіп жатқан іс-шаралар дәлел болады.

«Нұр-Сұлтан-1» стансасында А.Жұматаев жеке құраммен және волонтерлермен кездесіп, жұмыстың басым бағыттарын ай­қын­­дады. Бұдан соң «Қара­­ған­ды – Қостанай», «Жез­қаз­ған – Нұр-Сұлтан», «Ал­маты – Қостанай» және «Нұр-Сұл­тан – Павлодар» ба­­ғыт­­тарындағы жолаушы­лар пойыз­­дарының келіп-кетуі ке­зін­де жолаушыларға қор­ғаныс бетперделері мен про­филактикалық сипаттағы жадынамалар таратылды.

Волонтерлер департамент ұйымдастыратын акцияларға ұдайы қатысып отыратынын айтты. Олар бұл жұмысқа өз еркімен жұмылуда. Жастар қоғамға қолұшын беруді әр азаматтың парызы деп білетінін жеткізді.

Ал жолаушылар өз ке­зегінде тәртіп сақ­шы­ларына ризашылығын біл­дірді. Олар осындай алмағайып кезең­де ерекше көңіл бөліп тегін бетперде таратқан по­лицейлердің қамқорлығын жоғары ба­ғалап, олардың қиын да жауапты қызмет­те­ріне алғыс айтып, табыс тіледі.

Шара барысында азамат­тардың көпшілігі қорғаныс бетпер­делерін тағуға аса жауап­­кершілікпен қарайты­нын көрсетті.

«Акция кезінде көлік по­лицейлері жолаушыларға 500 медициналық қорғаныс бетпердесін таратты. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жал­­ғастыратын болады», де­ді полиция полковнигі.

Көлік полициясы қыз­мет­керлері осындай ак­ция­ларды жүйелі түрде ұйым­дастырмақ. Мәселен, биыл тамыз айының аяғында Нұр-Сұлтан стансасында ерік­тілермен бірлесе отырып, 1500 бетперде таратылған болатын. Бүгінге дейін полицейлер 2 мыңға жуық медициналық бетперде таратты.