Оқиға • 29 Қыркүйек, 2020

Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауының биылғы бас тақырыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған екен. Жақында жас таланттарды іріктеп, оза шапқандарға арнайы жүлде беретін байқаудың ақтық сайысы өтті.

Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды

Осы байқаудың «Көркем сөз оқу» аталымына Алма­ты облысының Кербұлақ ауда­нынан барып қатысқан Бағым Сақижан топ жарып шы­ғыпты. Бағымның жасы – бесте. Ол биыл Сарыөзек кентін­дегі №49 орта мектептің «0» сы­ныбына оқуға барды. Сүй­кім­ді қыз тілі шыққаннан тақ­пақ жаттап, мәнерлеп оқуға дағ­дыланыпты. Бағым Абай атасының мерейтойына орай данышпан ақынның көп өлеңін жаттап алған екен, жақында өткен «Мен де жұлдыз боламын» байқауында «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін жатқа оқыды. Кішкентай көркемсөз оқушының жатық тілі мен жағымды үні, сахнадағы сән-сал­танаты мен Ұлы Абай өлең­деріне деген құр­меті қазы­лар алқасын тәнті етіп, бірін­ші орынға ие болды. Бай­­қау ұйымдастырушылары Ба­ғымға келер жылы Түркия елінде өте­тін балалар шығар­­машы­лығын дамытуға ар­нал­ған халықар­лық байқауға қа­тысуға жолдама берді.

Айтпақшы, осы байқаудың «Би» аталымына қатысқан та­ғы бір топ жетісулық балалар жүлделі болыпты. Ескелді аудан­­­дық мәдениет үйі жанынан құрылған «АлиНаз» би ансамблі де «Мен де жұлдыз боламын» байқауынан жүлделі екінші орын алып қайтты.

 

Алматы облысы