Саясат • 29 Қыркүйек, 2020

Ашықтық – қоғам дамуының кепілі

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір Петропавлда полиция жұмысының да ашықтығы қамтамасыз етілуде. Азаматтардың құқы мен бостандығын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, адамдардың қауіпсіз, жайлы өмір сүруіне жағдай жасау сияқты мақсаттар полиция қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге енгізіліп жатқан заманауи тәсілдердің негізін қалайды.

Ашықтық – қоғам дамуының кепілі

«Соның бірі – полиция мен тұр­ғын­дар арасындағы ашық диа­логқа септігін тигізетін бей­не­бақылау жүйесін кеңейту болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан хал­қына Жол­да­уында күш құры­лым­дары­ның бөліністерінде осындай ресурстарды кеңейтуге баса назар аударды. Бүгінде цифрландыру міндеті – біздің ведомствоның басымды бағыттарының бірі», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Қазір Петропавлдағы бар­лық 13 учаскелік полиция пунктіне камералар орнатылған, олардың көмегімен осы бө­лім­­шелердегі жағдайды Же­дел басқару орта­лы­ғынан ба­қы­лауға болады. Сондай-ақ видео­ны қалалық полиция бас­шылығы да көре алады. Поли­ция бөліністерінің барлық әкім­шілік ғимараттарында камералар орнатылған. Барлық 14 патрульдік автокөлікке орна­тыл­ған стационарлық бейне­ба­қы­лау жүйесі де полицияның ашық­ты­ғы­на ықпал етеді. Көп ұза­май бар­лық авто­пат­руль­дер­де ма­ши­н­а­ның ішін­дегі сөй­ле­су­лерді жазатын құрыл­ғы­ларды орнату жос­парланып отыр.

Жыл басынан бері көшелерде, қиылыстарда және алаңдарда орнатылған Петропавл қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бейнекамераларын пайдалану арқылы 12 мыңға жуық әкім­шілік құқық бұзушылық және қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лық­тарды ашуға ықпал ететін 122 факт анықталды. Аулалар мен кіре­берістердегі камералар  по­лицияға таптырмас көмекші құ­­рал болып отыр. Петропавлда олар­­дың саны 2 мыңнан асады. Бұл техникалық құралдар тек заң бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен бірге тұрғындарды тәртіпке шақыруға да септігін тигізуде.

Сондай-ақ бүгінде білім беру нысандарын Жедел басқару орталығына қосу жұмыстары жүр­гі­зілуде. Қазіргі уақытта Петро­павл қаласы ПБ ЖБО-ға 25 білім беру объектісінің бейне­бақылау камералары қосыл­ған. Жыл соңына дейін қала­дағы барлық мектептерді Жедел басқару орталығына қосу жоспарланып отыр.

Ашық қоғам тәртіп сақтауды да, адамдардың құқы мен бостан­ды­ғының аяққа басылмауын қам­та­масыз етуде де ең озық құрал екен­дігін цифрландыру жүйесі де көр­сетіп отыр. Бәрі де ашық, жария­лы, алақандағыдай болғанда қоғам дамуының кедергілері де жойылатыны сөзсіз.

 

ПЕТРОПАВЛ