Елорда • 29 Қыркүйек, 2020

Елордада карантин режімін бұзғандар анықталды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері 20-дан астам карантин режімін бұзушы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

Елордада карантин режімін  бұзғандар анықталды

"Карантинді бұзған кәсіпкерлік субъектілер саны азаймай тұр", деп мәлімдеді қалалық Полиция департаментінің өкілі.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін полицейлер, эпидемиологтар және аудандық әкімдіктер өкілдерінен құралған мобильді топтардың жұмысы жалғасуда.

Сонымен, демалыс күндері кезекті рейд барысында тексерушілер жұмыс істеп тұрған "ZIMA" барын анықтады. Мекеме әкімшілігі мен қызмет көрсету қызметкерлері кеш уақыт пен шектеу шараларына қарамастан келушілерді қабылдауды жалғастырған. Бұл мекемеде спирттік ішімдіктер беріліп, би алаңы жұмыс істеді.

Рейдтік топ анықтаған бұзушылық дерек бойынша барға 18 келуші ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша, түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бар әкімшісі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіп иесіне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Жалпы алғанда, тәртіп сақшылары демалыс күндері халықтың санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзған 21 дерек анықтады.