Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда 16 мыңнан астам мигрант жұмыс істеп жүр

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда 16 мыңнан астам мигрант жұмыс істеп жүр

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға 16 мың 378 рұқсат қолданыста.

Оның 637-сі бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары), 3481-і екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілген. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға қатысты болып отыр. Тиісінше 7617 адам және 1153 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1698 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері: Қытай 3579 адам, Өзбекстан 1774, Түркия 1 661, Үндістан 1266 және Ұлыбритания 1081.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.

2020 жылға ШЖК тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32% -ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді.