"Біздің бөлімше қызметкерлерінің күшімен, Алмалы аудандық Полиция басқармасы әріптестерінің көмегімен бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 1986 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Ол қала аумағында автокөлік айналарын ұрлаумен айналысқан және белгілі болғандай, оларды “Кар сити” сауда үйінде сататын орны бар сатушыға сатқан. Жедел іс-шаралар барысында ұрланған заттарды сатып алушы – 1985 жылы туылған Т. есімді азамат та ұсталды. Бүгінгі таңда алты элиталық көліктен, негізінен “Toyota Land Cruiser 200” маркалы жол талғамайтын көліктерден айна ұрлығына “қылмыстық дуеттің” қатысы бар екендігі анықталды. Сатып алушы ұрланған мүлікті өзінің жұмыс орнында сататын болып шықты. Айғақты заттар алынды және қылмыстық істердің материалдарына қоса тіркелді", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Екі күдікті де қамауға алынды. Ұрының әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Біреудің мүлкін ұрлау), қылмыстың тағы бір сыбайласы – Т.азамат, ҚР ҚК-нің 196-бабы (Ұрланған затты сату) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда айна ұрлығы 2,3 есеге азайған. Бүйірлік айналарды ұрлаумен айналысқан 17 адам ұсталды, ұрланған тауарлардың тағы 41 сатып алушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол ұрланған мүлікті сатып алу мен сатудың 161 фактісі бойынша өзінің кінәсін дәлелдеді.