Ал шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен.
Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсаған шығыстарының көп үлесі ет және ет өнімдері мен нан өнімдері, жарма өнімдері, сүт және сүт өнімдеріне тиесілі болған.
Айта кетейік, қалада сегіз айдың ішінде 100 миллион данадан астам жұмыртқа мен 35,2 мың тонна сүт өндірілген. Ал ет өндірісі 1,1 процентке артып, 10,6 мың тоннаны құраған.