Елорда • 29 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда тағы бір Арбат салынады

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы Қаздрамтеатрге дейін Омаров көшесінің бойында орналасады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда тағы бір Арбат салынады

"Республика даңғылы жағындағы фонтанды қайта құру жұмысын жүргіземіз. Ол жылғаға қарай ағады. Ал сол жылға бойында балаларға арналған сумен ойнайтын элементтер орнатамыз. Бұған қоса Арбат аумағында қалалықтар мен елорда қонақтарының көңілінен шыққан аспалы әткеншек орнатылады. Балалар үшін жеке спорт және ойын алаңдары, тыныш аумақтар, коворкинг-орталық сынды тегін семинарлар мен тіл сабақтарын өткізуге арналған жеке зоналар жасалады", деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша, көпір асты кеңістігі аумағында балаларға арналған экоалаң мен аспалы саябақ жасалады. 

"Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейін веложол салынады. Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Себебі кәсіби спорт пен салауатты өмір салтына дейінгі жол аула спорты – қоғамдық кеңістіктер мен аулалардан басталады. Олар әр адамға қолжетімді болуы тиіс. Биыл 54 ірі қоғамдық кеңістік пен 150 аула жасап, абаттандырдық. Бұның өзі ғана 300 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстарды келесі жылы да жалғастырамыз", деп жазды Алтай Көлгінов.