"Біз қазір тұмауға қарсы вакцинаны белсенді жүргізіп жатырмыз. Барлығына қашықтық сақтауды, емханаларға қажетсіз бармауды ұсынамыз. Емханалар жанында мобильді топтар жұмыс істейді. Науқастар call-орталықтар арқылы оларды шақыра алады. Мобильді топ шығып, жағдайын бағалап, қажетті шараларды қабылдайды. Егер дене қызуы болса, үйде қалып, мамандарды шақыру қажет", деді Зухра Омарова.
Қалпына келтіру медицинасының дәрігері Айгүл Солтанбек емхана жанындағы Салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлері ата-аналармен және балалармен алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.
"Күздің басталуына байланысты тұмау, ЖРВИ сияқты маусымдық аурулардың өршу ықтималдылығы жоғары. Ең бастысы – тазалықты сақтау. Ал балаларға қатысты айтарымыз, оларға артық шаршатпау керек. Сондай-ақ күнделікті өмірді дұрыс қалыптастыру қажет – бұл толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Дене жаттығуларын орындау, соның ішінде көзге арналған жаттығулар жасау ұсынылады. Көптеген балалар онлайн оқып жатқандықтан, балалар бөлмесінде ауа алмасуды қамтамасыз ету маңызды", деді А.Солтанбек.