Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Алматы дәрігерлері шала туған шақалақтарды аман шығарды

877 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл жазда Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына ішінде 7,5 айлық балалары бар Баян тым ерте толғақ қысып келген еді. Жыл сайын осынау Орталықтың жансақтау бөлімінің дәрігерлері  800-ге жуық нәресте жарық дүниеде қалу үшін күреседі. Ал бұлардың үштен екі бөлігі – шала туған шақалақтар, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы дәрігерлері шала туған шақалақтарды аман шығарды

Сонымен бастапқыда біріншісінің  салмағы 1100 гр, ал екіншісі 686 гр болып дүниеген келген шақалақтардың жағдайы ауыр болған. Жансақтау бөлімінде 28 күн бойы жатқан үлкені Индира дәрігерлер мен медбикелердің жұмыла қарағанының арқасында біртіндеп салмақ жинап, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Жақсы болғаннан кейін сол жерден үйге шығарылды.

Екінші нәресте Надираның жағдайы тіпті қиын болды. Ол ұзақ уақыт бойы өкпенің жасанды желдету аппаратында жатып, салмақ қоса алмағандықтан, 139 күн бойы жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде неонатолог дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Енді, міне, медицина қызметкерлерінің ерен күш-жігерінің арқасында Надира үйіне шықты.

"Индира мен Надира дүниеге келген кезде, оларды аман алып қалуға болады деген үмітіміз аз болды. Мен олардан айырылып қаламын деп те ойладым. Сәбилерімнің жағдайы құбылып, енді мінекей бәрі жақсы екеніне қуанып, және ол жақсарып келеді дегенде,біресе нашар демалып, біресе дұрыс тамақтана алмай, әбден қорқытты. Қазір Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Мен барлық қызметкерлерге балаларымды құтқарғаны үшін ризамын", дейді Баян.

Орталықтың директоры Ғани Бодықовтың айтуынша, жоғарыда атап өткендей, жыл сайын перинаталдық орталықтың балалар реанимациясы бөлімшесі арқылы 800-ге жуық бала өтеді, оның ⅔ шала туғандар. Неонатологтар туудың алғашқы минуттарынан бастап олардың өмірі үшін күреседі. Балалар орталықта туылады, содан кейін олар құрсаққа ұқсайтын кювез-аппараттарға орналастырылады. Мұнда оттегі келеді, температура мен ылғалдылық реттеліп тұрады. Онда балалар жасанды желдетуді және дәрі-дәрмектер мен қоректік заттарды ішкі енгізуді қоса алады. "Күтімнің" осы кезеңінде аналар реанимацияға келіп, баланың жанында бола алады.

"Күту кезеңі 4 кезеңге бөлінеді. Біріншісі – реанимация және қарқынды терапия. Бұдан кейін шақалақтар нәрестелер мен шала туылған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылады, одан әрі емделеді. Үшінші кезең – Ана мен бала палатасы, онда шешелері кішкентайын тамақтандыруды және шомылдыруды үйренеді. Содан кейін кезең басталады, оны аналар бір-бірімен "бесінші нүкте" деп атайды. Баладан зондтар шығарылады және үйлеріне шығарылғанға дейін салмақ жинау ғана қалады.

"Шала туылған шақалақтарды нағыз батырлар деуге болады. Өйткені,  сәбиді аман алып қалудың барлық кезеңі – бұл Жеңіс. Бала тыныс алуды үйренеді – Жеңіс! Анасын емуді үйренді – Жеңіс! Міне, біз ересектерміз, және бізге бала да керек, бірақ менің ойымша, бұл балалар бізге бір нәрсе үшін берілген. Бұл кішкентай балалар бізге шыдамдылықты, мейірімділік пен махаббатты үйретеді, олар бізді жаңа білімге, жетілдіруге итермелейді. Олар – біздің өмір сүруге құштарлық жолындағы тәрбиешілеріміз", дейді Ғани Бодықов.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45