Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Павлодар облысында шекарадан өткен 11 адамнан індет анықталды

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен  мемлекет шекарасында анықтама болмаған жағдайда ПТР арқылы тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында шекарадан өткен 11 адамнан індет анықталды

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппарат кеңесінде өңірдің бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлім етті.

"25-28 қыркүйек аралығында 11 адам анықталды. Оның ішінде екеуі – 14 жасқа дейінгі балалар. Барлық тексерілгендерде белгілері жоқ  түрі тіркелді.  Шекарадан өткен 11 адамның үшеуі - өзге өңірлерден. Оның ішінде Ресей Федерациясы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды  облыстарынан бар. Барлығы үй карантиніне жіберілген. Жағдайлары жақсы деп бағалануда. Амбулаторлық ем тағайындалып, байланыста болған адамдар тізбегі анықталды. Ошақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Басқа   қалалардың тұрғындарына қатысты ақпарат эпидемияға қарсы шаралар жүргізу мақсатында  сол өңірлерге жіберілді", деді Батырбек Әлиев.


Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, бүгінгі таңда облыста расталған 3917 коронавирус инфекциясы тіркелген. Оның ішінде белгілері бар - 2741, белгілері жоқ - 1176. Өткен тәулікте алты жағдай тіркелді.  Тәуліктік өсім көрсеткіші  0,2  пайызды құрады.  Жеті күннің ішінде орташа есеппен күн сайынғы өсім – 0,6 пайыз. 17 қыркүйек – 20 қыркүйек аралығында 2,5 пайыздан  0,3 пайызға дейін төмендеген. Алайда соңғы аптада, яғни 22-27 қыркүйек аралығында 0,6 пайызға өскені байқалады. 

Сонымен қатар 1040 вирусты пневмония тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 30,6 пайызға азайған.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдар Сейтказинов бүгінгі таңда екі бала стационарда ем қабылдап жатқанын айтады. 

"Олардың жағдайлары тұрақты, орташа ауыр деп бағаланады. Қалған балалар амбулаторлық ем қабылдауда. Бұл - белгілері жоқ коронвирус. Ересектерге келетін болсақ, стацонарларда  290 адам орналастырылған.  Орташа ауыр және  ауыр жағдайдағы науқастар саны – 7. Екі адам аппаратқа қосылған. Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген", дейді Айдар Сейтказинов. 


Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мектепке дейінгі мекемелер мен дәстүрлі түрде сабақ өткізілетін білім беру ұйымдарына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.