Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Тіл комитеті этнос өкілдерімен семинар өткізеді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен  30 қыркүйекте онлайн режимде "Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-кеңес өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіл комитеті этнос өкілдерімен семинар өткізеді

Онлайн бас қосуда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этно-мәдени бірлестіктің басшылары мен оқытушылары пікір алмасып, ұсыныстарын айтады.

Шарада Павлодар облыстық еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, «Ватра» Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов,   «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин баяндама жасайды.