Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.