Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Тағы бір әкім қызметінен кетті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Облыс басшысының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ол отставкаға кету туралы өтініш берген, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағы бір әкім қызметінен кетті

Қостанай облысының әкімі өтінішті қолдап, қол қойды.  Бүгіннен бастап Ғаязов қызметінен босатылды. Бақытжан Ғаязов тоғыз жыл бойы Рудный қаласының әкімі болған.

Еске сала кетейік, шілде айында Рудный әкімі аппаратының басшысы қашар әкімінен бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.