Таир мен Тамирлан алты оқушыдан құралған қазақстандық құрама команда атынан бақ сынады. 61-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға жалпы саны 105 мемлекеттен 616 жоғары сынып оқушысы қатысты. Отандық топ 3 күміс және 2 қола медаль иеленіп, 21-ші орынға табан тіреді.
Биыл Ресей ұйымдастырған "IMO - 2020" байқауы онлайн режимде, қыркүйектің 20-28 аралығында өтті.