Еуро бағамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.30-ға 502 теңгені құрады. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда үш теңгеге артық. Доллардың 17.00 бағамы 429,58 теңгеге тең. 29 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 429,40 теңгені құрады.
Деректер бойынша Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 505,04 теңге, ал сатып алу - 502,39 теңге.
Елорданың айырбастау пункттерінде еуроны орташа есеппен 504,08 теңгеден сатады, 501,66 теңгеден сатып алады.