Бағдарламалар • 29 Қыркүйек, 2020

Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауы жарияланды

1393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауы жарияланды

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының "Таңшолпан" таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасы "Қалдырған ізің..." атты видеобайқау жариялайды.

Байқау мақсаты – шәкірт пен ұстаз арасындағы сүйіспеншілікті көрсете отырып, қоғамның мұғалім мамандағына деген құрметін арттыру.

Жобаға қатысушы әр адам әріп танытып, қалам ұстатқан алғашқы ұстазына, тағдырдың сан қилы белестерінде жол сілтеп, бағыт-бағдар берген, үлкен өмір жолындағы ұстаздарына арналған жүрек түкпіріндегі жылы естеліктермін бөліседі. 

Видеоны #ҚалдырғанІзің  #МеніңҰстазым хэштегтерімен әлеуметтік желідегі парақшаға немесе [email protected] электронды поштасына жолдай алады. Видео ұзақтығына шектеу қойылмайды. 

Ең әсерлі видеолар 2 қазан күні Ұлттық арнаның "Tansholpan" бағдарламасының тікелей эфирінде көрсетіледі.