Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Алматы облысында 938,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматы облысында кезекте тұрған 2 788 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында 938,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл облыста бюджет қаражаты есебінен 246,2 мың шаршы метр немесе 3258 пәтер (714 тұрғын үй) баспана құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 131,8 мың шаршы метр болатын 1630 пәтерлі 532 үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы ауданы 114,4 мың шаршы метрді құрайтын 1628 пәтерлі 182 үй 2021 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Осы жылы кезекте тұрған 2 788 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Төменде көрсетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Атап айтсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасымен 1 245 пәтер (1195 құрылыс, 50 ​ сатып алу); «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 600 пәтер (екінші және негізгі тұрғын үйлерді сатып алу); «7 – 20 – 25» бағдарлама бойынша 467 пәтер (65  несиелік тұрғын үй, 402 коммерциялық); «5 – 10 – 20» бағдарламасымен 476 пәтер (370  несиелік тұрғын үй, 106 коммерциялық) кезекте тұрғандарға берілетін болады.