Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Ерлі-зайыптылар психотроптық заттар сатумен айналысқан

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Полиция департаментінің "Есірткі қылмысына қарсы" басқармасының қызметкерлері Өскеменде психотроптық заттарды жасырған отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерлі-зайыптылар психотроптық заттар сатумен айналысқан

Арнайы операция кезінде 32 жастағы және 29 жастағы ерлі-зайыптылар қолға түсті. Олар оңай олжа табу үшін қыркүйектің басында Нұр-Сұлтан қаласынан Өскеменге келіп, психотроптық заттарды сатумен айналысқан.

Белгілі болғандай, күдіктілер синтетикалық психотропты заттардың партиясын сатып алып, оларды неғұрлым ұсақ дозаға бөліп, жасыру арқылы өткізген.

"Тінту барысында, ұсталған тұлғалардан 150 грамм психотроптық заттар тәркіленді. Бұл дегеніміз 500 бірлік доза. Оның құны қара базарда 4 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ дозаны өлшеуге арналған құрылғы мен буып-түюге арналған құрал-жабдықтар табылды", деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөліміне сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жоғарыда аталған заңның санкциясында 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.