Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда күніне 900 мың медициналық маска өндіріледі

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күніне 900 мың медициналық маска өндіріледі

"Елорданың медициналық мекемелеріне 129 өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараты жеткізілді. Ал өндірісте және стендтық сынақтарда 1190 аппарат бар. Оның 181 бірлігі жөнелтуге дайын. Бірінші қазаннан бастап оларды Алматы, Шымкент қалаларына жеткізу жоспарлануда. 10 қазанға дейін ел бойынша 297 ауруханаға жеткізілетін болады", деді министр. 

Сондай ақ ол қоймаларда 15 миллион астам маска бар екенін және де отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығаратынын айтты.

"Күн сайын 330 мың медициналық қолғап шығарылады. Қоймаларда 7 миллион жұп қолғап қоры бар. Ал қорғаныс костюмдерін өндіруде 6 отандық компания айына 504 мың костюм шығарып отыр. Жыл соңына дейін қуаттылық бір миллионға дейін артады", деді министр.

Министр 15 қазанға дейін 264 бірлік жедел жәрдем көлігі өңірлерге жеткізілетінін мәлім етті.

"53 рентген аппараты жасалды. Оның әр данасы 41,5 млн теңге тұрады. Алғашқы 20 аппарат қазан айының басында Қостанай және Ақтөбе қалаларына жеткізіледі. Қалған аппаратты жеткізу осы жылдың 15 қазанына дейін жоспарланған", деді ол.